«2 шілде күні 14 сағат 45 минутта Қазалы ауданындағы Қазалы және Сарыбұлақ ауылдары тұрғындарынан зымыран тасығыштың жарылуы салдарынан ірі және ұсақ малдардың өлімі орын алды деген шағым түсті. Мұны анықтау үшін аталмыш елді мекендерге аудандық ветеринарлық қызмет пен ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жіберілді. Олар тұрғындар арасында сауалдама жүргізді. Нәтижесінде ақпар расталмады», - делінген хабарламада.
Қазір жедел штаб су ауласындағы жұмыстарды тексеруді жалғастыруда.