Қызылорда облысында сайлаушылардың белсенділігі артты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы тұрғындары ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына белсенді қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті уақытпен сағат 11:00-ге дейін сайлаушылардың 28,8 пайызы өз таңдауын жасады. Яғни, 141983 адам дауыс берді. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.

Жалпы, облыста сайлаушылар саны - 492198. Бұл аймақ халқының 60,7 пайызы. Өңірде 376 сайлау учаскесі бар. Сайлау комиссиясының 2821 мүшесі қызмет көрсетуде. Оның 1128-і арнайы оқу курсынан өткен болатын. Аймақта 13 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі сайлаушы бар. Олардың учаскеге келіп, өз таңдауын жасауы үшін 30-ға жуық инватакси қызмет көрсетуде.

Айта кетейік, қарт кісілер және науқас азаматтар үшін жылжымалы жәшік қызмет көрсетуде.