Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына 4,7 млрд. теңге несие берілді

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысында барлық қаржы көздері арқылы шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына 4,7 млрд. теңге несие берілді.


«Жол картасы» бағдарламасы бойынша барлығы 107,6 шақырым жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргі­зілуде. Осы бағдарлама жылумен жабдықтауда 12 жобаны жүзеге асыруға негіз болып отыр. Энергетика саласында да игілікті жобалар қолға алынды, облыстық бюджеттен бөлін­ген қаржыға «АТД», «Западная», «Южная» қосалқы стансыларын және тарату пункттерін жаңғырту жұмыс­тары басталды. Қазалы ауданындағы Ажар елді мекенін жарықтандыру, Аралдағы Сексеуіл және Жақсы­қылыш ауылдарының электр желілерін қайта жаңғыртудың жоба-сметалық құжатын дайындау қолға алынды. Облыс тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 14 жоба іске асыры­луда. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы 8670 жаңа жұмыс орнын ашу көздел­ген болса, алғашқы жартыжылдықта соның 7668-і іске қосылды.