Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі

ҚЫЗЫЛОРДА.ҚазАқпарат- «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының хабарлауынша, 14 қыркүйек күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі.

Жел солтүстік шығыстан солтүстік батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Осыған байланысты, Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.