Осы бағдарлама аясында соңғы 6 жылда облыста жаңадан 20 өнеркәсіп орны іске қосылды.
Бұл туралы облыстың индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлім етті.
- Әлемдегі ең ірі қорғасын-мырыш кен орындарының бірі «Шалқияның» жұмысы жанданып келеді. Металлургиялық өнеркәсіп дамуда. 2017 жылы аймақта Қазақстандағы алғашқы шыны зауыты іске қосылады. Дәстүрлі күріш өсіруші аймақ бүгінде төмен аллюминдік ферросилиция өндіру бойынша жаңа технологияларды патенттеуде,- деді Сұлтангереев.