ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 13 жастағы қыз бала дарияға суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін жергілікті уақытпен 8.43-те облыс орталығының туберкулез ауруханасы аумағындағы дария бойында тіркелді. Таныстарымен серуендеуге шыққан қыз бала дарияға суға түсу кезінде батып кетті.
«Қазір оқиға орнында құтқарушылар іздестіру шараларын бастады. Оған төтенше жағдайлар саласының 20 қызметкері мен 5 техника тартылған», - деп мәлім етті мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.
Сондай-ақ, бүгін Қызылордада суға батып кеткен екі жігіттің мәйіті табылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.