деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,8 пайызға артық. Олардың ішінде 20 адамға қатысты 19 қылмыстық іс қозғалды. Облыста тіркелген қылмыстардың көпшілігі Қызылорда қаласында орын алған. Олардың біршама бөлігі облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қызметкерлерінің күшімен анықталған.
Оған қоса, барлығы 114 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлық сипатындағы әртүрлі құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Осы құқық бұзушылықтарды жасаушылардың 6-уы әкімдер, 5-еуі денсаулық сақтау, 37-сі білім беру, 6-уы ішкі істер, 1-еуі әділет органы, 58-і басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлері болып табылады.