Бұл жобаның жүзеге асырылуы маңызын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі құрылысының жүргізілуі де күшейтіп отыр. Себебі, салынғалы тұрған көпір облыстық маңыздағы «Самара-Шымкент-Тереңөзек» автожолында орналасқан. Бұл кұрылыс жүзеге асырылған жағдайда, Сырдария ауданының ауыл шаруашылықғы және басқа да өнімдері осы көпір арқылы тек Қазақстанның ғана емес, басқа да шет елдерге тікелей шығуына мүмкіндік берер еді.
07:30, 15 Қараша 2010
Қызылорда облысында Сырдария өзенінің үстінен тағы бір көпір салынбақ
ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында Сырдария өзенінің үстінен тағы бір көпір салынғалы жатыр. Ол дарияның Сырдария ауданы аумағындағы Шаған елді мекені жанынан салынады. Оның құрылысының сметалық құны қазіргі бағамен 4,049 млрд. теңгені құрайды.