Оқиға 29 мамыр күні 13 сағат 30 минутта орын алған. Суға батып кеткен жасөспірімнің Қызылжар елді мекенінің тұрғыны 1997 жылы туған Қылышбек Оңғаров екені анықталды.
Оқиға орнына Арал ауданы ТЖБ-нен 1 адам, 1 техника және Қызылорда облысы ТЖД Арал ауданы «СҚҚ» құрамындағы 3 адам, 1 бірлік техника, Арал ауданы ІІБ-нен 3 адам, 1 техника жұмылдырылды.