Аталған маңызды шара Арал ауданының Аққұм және Шиелі ауданының Талаптан ауылдық округтерінде өтті. Дауыс беру барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес жүргізілді. Құқық бұзушылықтар кездеспеді, арыз-шағымдар түскен жоқ.
«Сайлау барлық талаптарға сай өткізілді. Бүгін 2850 адам өз таңдауын жасады. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 80,8% құрады. Ол Арал ауданы Аққұм ауылдық округінде - 72,3, Шиелі ауданы Талаптан ауылдық округінде - 85,7 % құрады», - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын 25 шілде күні өткен ауыл әкімі сайлауына 151 адам өз кандидатурасын ұсынды. Оның 131-сі немесе 86,8%-і тіркеуден өтті. Сайлау бюллетеніне 122 кандидат енгізілді.
Саяси партиялардан 35 адам ұсынылды. Оның ішінде «Nur Otan», «Ауыл», «ADAL», Қазақстан халық партиялары бар. Сондай-ақ, өзін-өзі ұсыну бойынша - 5 адам.
Өткен аптада сайланған 40 әкімнің 10-ы мемлекеттік қызметші болса, 22-і нақты ауылдық округте қайта сайланған жұмыс істеп жүрген әкімде. Ал, 5-і бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 3-і уақытша жұмыс істемейтін азаматтар. Сайланған 40 әкімнің арасында бір әйел азаматша бар.