Қызылорда облысында тамақтан уланғандардың арасында сальмонеллезге шалдыққандар да бар

АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тамақтан уланып аурухана түскендердің арасында сальмонеллезге шалдыққандары бар екендігі анықталды, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен.

«Аурулардан сальмонеллезге байланысты зерттеуге алынған сараптамалардың нәтижесі дайын болған 25-інің 5-уі дұрыс, ал 20-сы теріс нәтиже көрсетті», делінген баспасөз хабарламасында.

Дәрігерлердің мәліметтері бойынша аурулардың жағайлары қанағаттанарлық. Емдеу-алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, зардап шегушілер мамырдың 9-ы күні ас беру кезінде уланып қалған, сол күні 7 адам ауруханаға түскен. Мамырдың 9-ы мен 14-і аралығында олардың саны 138 адамға жеткен болатын, олардың 18-і - балалар.