Қызылорда облысында таңертеңнен бері 36 мыңнан астам сайлаушы дауыс берді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Таңертеңнен толассыз жауған жаңбырға қарамастан, Қызылорда облысы бойынша сағат 08.00-де барлығы 345 сайлау учаскесі бойынша 36 326 сайлаушы дауыс берді.

«Бұл сайлаушылардың 9,16 пайызын құрайды», деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен. Облыс бойынша жалпы сайлаушылар саны - 396 465.