ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жеңіл көлік тепловозбен соқтығысып, жарақат алған бір адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 29 мамырда сағат 14:14 шамасында болды. Сол уақытта Арал аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторынан хабарлама түскен. Онда Қамыстыбас елді мекенінің тұсында реттелмейтін (кезекшісіз) теміржол өткелінде ВАЗ автокөлігі жол ережесін сақтамай, тепловозбен соқтығысқаны айтылған.
«Бұл оқиға Арал аудандық полиция бөлімінің ақпараттарды есепке алу кiтабына тіркелді. Тексеру барысында Қамыстыбас елді мекенінің тұрғыны бір жолаушысымен теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасына ұшырағаны анықталды. Көліктің жолаушысы жеңіл дене жарақатымен Қазалы аудандық ауруханасына жатқызылды. Автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 607-бабы және 610-бабымен хаттама рәсімделді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, Қызылордада алаяқтық қылмысының басым бөлігі интернет арқылы жасалған.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.