Жаттығудың мақсаты - облыс аумағында терроризмге қарсы операцияларды өткізу жөніндегі оперативтік штабтың өрт сөндіру және авариялық-құтқару тобын дабыл бойынша көтерілуін және шартты жерге уақытылы жиналуын тексеру болды.
Жаттығу барысында құлақтандыру жүйесі, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары тобының кезекші құрамдарының «Қызылорда су жүйесі» МКК су жинау торабына жедел жетуі және дайындыққа келтіру жоспарлары, облыстық оперативтік штабтың «Терроризмге қарсы операцияны өткізу жөніндегі Қызылорда облыстық жедел штаб туралы Ережесі және оның құрамын бекіту туралы» біріккен бұйрығына сәйкес әрекет жасау барысы тексерілді.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті, ТЖД, ІІД бірге әрекет жасау үшін жедел штаб құрды.
Жаттығуға «ӨСжАҚЖҚ» ММ, ҚР ТЖМ «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы» ММ, «МАО» ММ 41 құтқарушы, өрт сөндіруші, медициналық қызметкер және 9 бірлік техникадан құрылған топтар жұмылдырылды.
Жаттығу соңында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы ТЖД құрамына осы жаттығуға белсене атсалысқаны үшін алғысын білдірді.