Департамент сондай-ақ ең көп тіркелген заңды тұлғалардың көтерме және бөлшек сауда саласы, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу қызметі үлестеріне тиетінін білдіреді. Олардың 2011 жылғы 1 ақпандағы мөлшері 20,1 пайызды құрайды. Сол сияқты құрылыс - 16,3 пайыз, білім беру - 9,2 пайыз үлесті алады. Осы үш қызмет түрлерінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 45,7 пайызына жетіп отыр.
17:48, 25 Ақпан 2011
Қызылорда облысында тіркелген заңды тұлғалар саны 6 828-ге жетті
ҚЫЗЫЛОРДА. 25 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша, үстіміздегі жылғы ақпан айында тіркелген заңды тұлғалар саны 6 828-ге жеткен.