Қызылорда облысында тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімі қызметкерлерінің 20-дан астам пара алу фактілері анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Қызылорда облысы бойынша департаменті ІІД ӘПБ тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінің (ТЕБ) бастығы полиция майоры Б. Ахмет, ТЕБ қызметкерлері, бірқатар азаматтық тұлғалар бірнеше мәрте сыбайлас жемқорлық құқық бүұзушылық жасағанын әшкереледі.

«Бөлім бастығы жүйелік негізде өз бағынысты қызметкерлерін қылмыстық схемаға тарта отырып, жеке тұлғалардан көліктерін тіркегені, беделді нөмір, жүргізушілік куәлік бергені үшін ақша бопсалау арқылы заңсыз қызмет жүзеге асырғаны анықталды. Бұдан басқа, заңға қайшы қызметке Ахмет Б. жеке төлемге «беделді», «үйлесімді» нөмір белгілерін алуға тілек білдірген делдалдарды тартқан», - деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінен.

Пара алған 20-дан астам факті тіркелгені хабарланады. Б. Ахметке қатысты «тұтқындау» шарасы қабылданды.

Сот алды тергеу жүргізілуде.