«Төтенше жағдайлар кезінде адам өлімінің азайғаны Министрліктің басты көрсеткіші болып табылады. Мәселен, биылғы 10 айда облыс бойынша қаза тапқандар саны 37% - ға азайды. Бұл ретте төрт жүзден астам төтенше жағдай тіркелді», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлардың негізгі үлесі техногендік сипатта болады, бұл тұрғын үй секторындағы және көліктегі өрттер, ал суық түсуіне байланысты бұл көрсеткіш артады. Өздеріңіз білетіндей, 1 қазаннан бастап елімізде жылыту кезеңі басталды.