ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері тұмау жұқтырғандар саны артты және өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 39 пайызға жоғарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірде 2021-2022 жылдардағы эпидмаусымда жедел респираторлық вирусты инфекциясына (ЖРВИ) шалдығудың 19745 дерегі тіркелді. Олардың 64,7 пайызы 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде. Оның ішінде 24,1 пайызы – 1 жасқа дейінгі нәрестелер. Есепте тұрған жүкті әйелдер арасындағы ЖРВИ-ға шалдығу көрсеткіші 25 пайызды құрайды.
Жүргізілген эпидемиологиялық мониторингіге сәйкес өңірде эпидахуалдың күрделенуі байқалған жоқ.
«Өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 39 пайызға жоғары», - деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
Тұмау ауруының алдын алу мақсатында 2021-2022 жылдардағы эпидмаусымға 80186 доза вакцина сатып алынған болатын. Өңір тұрғындары арасында тұмауға қарсы вакциналанған контингент 95,6 пайызға жуық.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.