ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданында тұрғын үй толығымен өртеніп кетт, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Шиелі ауданына қарасты Майлытоғай ауылында болды. Жалпы ауданы 138 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйдің төбе жабыны жанған.
Тұрмыстық заттар да толығымен өртенген.
«Тілсіз жау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 5 қызметкері және 1 техника күшімен толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылорда облысы Арал ауданында тұрғын үй өртеніп кеткенін хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.