ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тұрғын үй толығымен өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Шаған ауылында 14 наурызда сағат 5.07 шамасында болды. Көлемі 143 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй және тұрмыстық заттар толығыман жанып кеткен.
«Оқиға орнына көлемі 27 литрді құрайтын екі газ баллоны сыртқа шығарылды. Өрт сағат 6.30-да оқшауланып, 6.49-да толы,ымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Мәлім болғанындай, өрттен үй тұрғындары дер уақытында сыртқа шығып үлгерген.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 2500 орам қамыс өртеніп кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.