Қызылорда облысында туризм саласы бойынша 612177,4 мың теңге қаржы құйылды

ЗЫЛОРДА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Үстіміздегі жылы Қызылорда облысындағы туризмнің және қонақ үй шаруашылығының дамуы айтарлықтай көтерілді.

Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында облыс бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын және тұруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді ұсынатын субъектілердің барлық саны 50-ге тең болды, бұл - өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 28,2 пайызға көп. Облыс бойынша 2011 жылғы қаңтар- қыркүйек айларында барлығы 22237 адамға қызмет көрсетілсе, 2010 жылғы сәйкес кезеңде ол 22854 адамға тең болды (яғни 2,7 %-ға төмен). Атап айтқанда, туристiк қызмет 1000 адамға көрсетілсе, орналастыру бойынша 21237 адамға қызмет көрсетілген.

Қарастырылған кезеңде орындалған жұмыстар мен қызметтердiң жалпы көлемi 612177,4 мың теңгені құрады, ал былтырғы жылдың 9 айында ол 478252,7 мың теңге болатын. Яғни 28,0%-ға өсуіне туристік фирмалардың қызмет көрсеткен адамдар санының көбеюі және орналастыру бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындардың тәулік-төсектің орташа құнының қымбаттауы ықпал етті.