Қызылорда облысында тұтыну бағаларының индексі 103,7 пайызға өсті
08:46, 28 Маусым 2010
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысы қазіргі таңда тұтыну бағалары жөнінен республика бойынша орташа деңгейде келеді.
Облыстық статистика департаменті ұсынған мәліметтерге сүйенсек, 2009 жылдың желтоқсанындағы көрсеткішпен салыстырып қарағанда, 2010 жылдың мамырында тұтыну бағаларының индексі 103,7 пайыз құрағанына көз жеткізер едік.
Есепті кезең аралығында аймақта азық-түлік тауарларының бағалары - 4,2, ақылы қызметтер - 4,2, азық-түлік емес тауарлар бағалары 2,4 пайызға артқаны белгілі болып отыр. Ал өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2010 жылдың мамырында 2009 жылмен салыстырғанда, 3,6 пайызға көтерілген.