Қызылорда облысында үлкен жол апатында бес адам мерт болды

None
АСТАНА.  Қазанның 27-сі.  ҚазАқпарат  - Қызылорда  облысында  болған    үлкен   жол  апатында бес  адам  қаза тапты,  тағы бес адам түрлі  жарақатпен  ауруханаға түсті,

деп   хабарлайды Төтенше  жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Дүйсенбі күні сағат 11.40-та  «Шымкент-Самара» тас  жолында  «Ауди»  және  «Фольксваген» көліктері соқтығысып қалды.    Оқиға салдарынан  екі  жүргізуші   мен   үш жолаушы   апат орнында көз жұмды.   Тағы бес  адам      түрлі  жарақатпен  ауруханаға түсті,   олардың ішінде 2 және 1 жасар  екі  бала бар.