деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Басқарма қызметкерлері осы байқауға байланысты аудандық әкімдіктерде болып, олардың мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіруге байланысты жүргізіп отырған жұмыстарымен танысып қайтты. Қазақы өңір болғандықтан, облыста мемлекеттік тілге басымдық беріледі. Дегенмен, бірқатар аудандарда кейбір жағдайда іс-қағаздарының және бұйрықтардың орыс тілінде қолданылатындығы байқалған.
Мамандар әрбір ауданның осы бағытта атқарып жатқан жұмыстарын саралай отырып, Арал және Жаңақорған ауданы әкімдіктерін бірінші орынға лайықты деп таныды. Одан кейінгі орындарды Шиелі аудандық және Қызылорда қалалық әкімдігі иеленді.