ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында заңсыз қару алып жүрген тұрғын анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Аталған шара барысында Жалағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз қару алып жүрген тұрғынды ұстады.
Полицейлер ауданға қарасты Аққолқа елді мекенінде қару ұстап келе жатқан 40 жастағы ауыл тұрғынын тоқтатты.
«Тексеру барысында аталған азаматтың өзімен бірге ішкі істер органында тіркеуде жоқ 16 калибрлі екі ұңғылы «ИЖ» маркалы аңшы мылтығын алып келе жатқаны анықталды. Анықталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.