Қызылордалық полицейлер демалыс күндері рейдтік шаралар барысында заңсыз қару сақтаудың үш фактісін анықтады.
«Мәселен, 14 тамызда Қазалы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Сырдария өзенінің жанында ІІО-да тіркелмеген 16 калибрлі, екі ұңғылы аңшылық мылтығын алып жүрген жергілікті тұрғынды тоқтатқан. Осы тектес деректер Арал, Жалағаш аудандарында тіркелді», - деп мәлімдеді аймақтағы полиция департаментінен.
Аталған деректер бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.