ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында 67 жастағы азамат белгісіз жағдайда көлге суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін, 6 маусымда жергілікті уақытпен сағат 16.04 шамасында болды.
«Қазалы ауданына қарасты Тасарық ауылына қарайтын Лақалы елді мекенінде тұратын 1955 жылғы азамат Балтабай көліне белгісіз жағдайда суға батып кеткен. Оның денесін ауыл тұрғындары өз күшімен судан алып шыққан», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске салсақ, Қызылорда облысында жыл басынан бері 8 адам суға кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.