деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Білім ошағының ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Болатбек Қуандықовтың айтуынша, Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасына орай Сыр өңірінде 12 мектеп салу жоспарланған. Аталмыш бағдарлама бойынша облыста былтыр 1 білім ошағы есігін ашса, биыл 7 мектеп елдің игілігіне айналады. Облыста жергілікті бюджет есебінен 20-ға жуық білім ошағының құрылысы қолға алынған. Сонымен қатар, облыста 11 балабақшаның құрылысы қарқынды жүргізілуде.