ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жанармай сақтайтын қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сырдария ауданына қарасты жергілікті «Бесарық» ЖШС аумағындағы жанармай сақтайтын қоймадан өрт шықты.
«Қойма ішінде сыйымдылығы 9 тоннаны құрайтын 6 ыдыста тұрған 2 тонна солярка, 1 тонна бензин және 400 литр автол жанған. Өртке қарсы қызмет бір сағаттай уақыт ішінде жалыынның бтін қайтарды. Өртке қарсы қызмет мамандары келгенге дейін бір маманның аяқ-қолын күйік шалған. Серіктестікте жанармай құюшы болып еңбек ететін 28 эастағы жұмысшы ауруханаға жеткізілді. Өрттің орын алу себебі анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Бұдан бұрын Қызылордада Ресейге бет алған жүк көлігінің өртеніп кеткендігі хабарланған болатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.