Қызылорда облысында жарты жылда төтенше жағдай салдарынан 33 адам қаза тапты

None
ҚЫЗЫЛОРДА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында 52 техногенді және табиғи төтенше жағдайлар тіркелді, оларда 33 адам қайтыс болды, 22 адам жарақат алды. Оның 34-і техногендік, 18-і табиғи төтенше жағдайлар болды. Бұл туралы кеше облыстық төтенше жағдайлар департаментінің биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысына арналған жиында айтылды.

«2013 жылдың І жартыжылдығында облыс бойынша 52 техногенді және табиғи төтенше жағдайлар тіркелді, оларда 33 адам қайтыс болды, 22 адам жарақат алды. Оның 34-і техногендік, 18-і табиғи төтенше жағдайлар болып отыр. Облыста жартыжылдықта

234 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23 оқиғаға азайғандығын көрсетеді. Осы өрт оқиғаларында 10 адам жарақат алып, 6 адам қаза болған», - делінді онда.

Департамент баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыс көлемінде түрлі шаруашылық бағыттағы барлығы 950 нысандарға және 23715 жеке тұрғын үйлерге өрт қауіпсіздігі саласында профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру, бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында өрт-техникалық тексерулер жүзеге асырылған.