Қызылорда облысында жиналған күріштің көлемі республиканың қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді

АСТАНА. Қазанның 16-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қызылорда облысында жиналған биылғы күріштің көлемі республиканың қажеттілігін толығымен қамтамасыз етпек.

 Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Асхат Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы облыстағы күріш алқаптары 10 мың гектарға кеңейіп, барлығы 71 мың гектар жерді құрады. «Соның арқасында биыл шаруашылықтардың қамбаларына 300 мың тонна күріш түсті. Оны өңдегеннен кейін 130 мың тоннадай таза өнімді шығаруға мүмкіндік бар. Бұл көлем республиканың қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді», - дейді А.Сүлейменов.  

Әкім орынбасары атап көрсеткендей, облыста осы өнімнің баға тұрақтылығын сақтау үшін күріш жәрмеңкесін ұйымдастыру жоспарланып отыр.