ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін, 19 ақпанда түстен кейін «Самара-Шымкент» тас жолының 1767-1768 шақырымында, Сырдария ауданына қарасты Шаған және Н. Ілиясов ауылдарының аралағында болған. «Mercedes» және «Opel» автокөліктері соқтығысып, төрт адам қаза тапты, бір адам ауруханада. Толық деректер анықталып жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, қайтыс болған азаматтар – Қызылорда облысының тұрғындары. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлімі бойынша тіркелген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.