Бұл топтар биылғы жылғы 9 ақпанда облыс әкімінің өкімімен құрылған еді. Олар 8 аудандық, 1 қалалық топтардан тұрады. Топтардың құрамында облыстық басқармалар мен мекемелер басшылары, жоғары оқу орындарының өкілдері, ардагерлер, халыққа танымал тұлғалар бар.
Бұл ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Елбасының Жолдауын аса маңызды үш мемлекеттік бағдарламаға орай білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту бағытында насихаттайды. Сондай-ақ Жолдауда атап көрсетілгеніндей, жұмыспен қамтудың жаңа жобасын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету бағдарламаларын жасап, қабылдау жолдарын қарастырады. Осы сапарларында топта облыстағы 200-ге жуық елді мекенді түгел қамтып шығады.