ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 25 мамырда сағат 2:10 шамасында «Самара-Шымкент» тас жолының 1463-шақырымында болды. Бұл Қазалы ауданының аралығын қамтиды.
«Оқиға барысында DAF үлгісіндегі жүк көлігі қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Volvo» маркалы жүк көлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 2 адам ауруханаға жеткізілді. Біреуі аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жүк көлігі қаққан жасөспірім қыз оқиға орнында көз жұмды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.