Қызылорда облысында жұмысшылардың үстіне тас ұсақтайтын агрегат құлап түсті, екі адам қаза тапты - ҚР ТЖМ
10:43, 20 Қараша 2010
АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жұмысшылардың үстіне тас ұсақтайтын агрегат құлап түсті, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға жұма, 19 қарашада Шиелі ауданының Көкжиде елді мекенінідегі «Вернал» ЖШС-інің өндірістік учаскесінде орын алды.
28 және 53 жастағы екі ер азамат оқиға орнында қаза тапты, ал 34 жастағы тағы бір жұмысшы ауруханаға жеткізілді.