Былтырғы жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздар саны,бағалау бойынша18,2 мың адам болған. Жылдың соңында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде 1,6 мың адам тіркелген. Ол экономикалық белсенді халық санының 0,5 пайызы болып табылады.
2010 жылдың қаңтар-қарашасында қызметкерлерге есептелгенорташа айлық атаулы жалақы68 555 теңгені құрады. 2009 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда өсім 20,4 пайыз болды. Осы кезеңде нақты жалақы 7,8 пайызға артты.