Оқиға ауданға қарасты Ы.Жақаев ауылы жанындағы суармалы каналда болды. Бұл жөніндегі хабарлама Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 12.30 шамасында түскен.
«Іздестіру жұмысына Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері, 1 қайық және 2 техника жұмылдырылды. Сағат 17.50-де суға кеткен азаматтың денесі табылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Айта кетейік, жыл басынан облыста 8 адам судан ажал құшты. Оның біреуі – жасөспірім, екеуі – бала, қалғаны – ересек азаматтар. Былтыр бұл жағдайдан барлығы 26 адам қаза тапса, оның 10-ы – бала.
Бұдан бұрын Қызылордада 10 жасар бала суға ағып кетті. Оның мәйіті үш күннен кейін табылды.
Сондай-ақ Қызылордада 17 жастағы жасөспірім Сырдарияға батып кетті.