АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері лабораториялық зерттеу нәтижесімен нақтыланған қызылша ауруының 37 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биылғы жылдың 18 шілдесіне дейінгі жағдай бойынша облыста лабораториялық зерттеу нәтижесімен нақтыланған қызылша ауруының 37 жағдайы тіркелді.
«Оның ішінде 81 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталса, қалған ересек тұрғындар арасында тіркелген.
Қызылша ауруына шалдыққандардың басым бөлігі қызылшаға қарсы вакцина алмаған. Олардың саны жалпы сырқаттанушылықтың 51,3 пайызын құрады», - деді Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.
Мамандар қызылшадан ең тиімді қорғану жолы – уақтылы вакцинация алыу екенін айтады. Ол Ұлттық екпелер күнтізбесіне енгізілген, екпе тегін жіргізіледі.
Еске салсақ, Қызылордада жіті ішек ауруларына ұшырағандардың 87%-ын балалар құрайды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.