Қызылорда облысында жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық сипатындағы 56 қылмыс ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаржы полициясы департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Ниязовтың мәліметінше, облыста биыл жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық сипатындағы 56 қылмыстың беті ашылды.

Олардың 8-і пара алу болса, 2-уі пара беру қылмысы болып тіркелді. Қылмыс жасағандар қатарында облыстық деңгейдегі 3 қызметкер анықталса, 27-сі аудандық және ауылдық деңгейлерде жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметкерлер болып отыр. Осы қылмыстардың салдарынан мемлекетке 46 млн. теңге көлемінде залал келтірілген. Қазірге дейін бұл соманың 9,6 млн. теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді.