Бұл өткен 2009 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы көрсеткіштен 4 млрд. 017 млн. 820,6 мың теңгеге көп. Сол кезде мұның көлемі 1 млрд. 984 млн. 877,5 мың. Теңге болған екен. Ал өткен жылы мемлекетке жоғарыдағыдай залал келтірген қылмыстардың 90,9 пайызы экономикалық қызмет саласына қатысты болып шықты.
12:29, 18 Қаңтар 2011
Қызылорда облысында жыл көлемінде тергелген қылмыстар бойынша келген материалдық залал 6 002 698,1 мың теңгені құрады
ҚЫЗЫЛОРДА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, аймақта былтырғы жылы тергелген қылмыстар бойынша материалдық залалдың анықталған сомасы 6 млрд. 002 млн. 698,1 мың. теңге болған.