Сондай-ақ биыл ауданға көгілдір отын жеткізу жұмыстары басталады. Төребай би, Ақтөбе және Тұрмағамбет ауылдық округтерінде құс өсіру, Қармақшы ауылында қой шаруашылығын өркендету жұмыстары іске асырылады.
Жиын барысында Сұлтан Мақашов ауданда өткен жылы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы мақсаттарға кеңінен тоқталды.