ҚР «Сайлау туралы» Конституциялық Заңға сәйкес бүгін Қазалы ауданы Арықбалық және Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылдық округі әкімдерінің өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты сайлау өткізіліп жатыр.
Жергілікті уақытпен сағат 7.00-де Арықбалық ауылдық округіндегі №70 сайлау учаскесіндегі 973 сайлаушы дауыс беруге кірісті. Онда әкім лауазымына 3 азамат үміткер. Оның 2-еуі өзін-өзі ұсынса, 1-еуі «Amanat» партиясынан қатысып жатыр. Сондай-ақ, 1 азамат декларациядағы мәліметі сәйкес келмеуіне байланысты үміткер ретінде тіркеле алмады.
Ал, Қармақшы ауданындағы Ақтөбе ауылдық округінің әкіміне 3 кандидат үміткер атанды. Олардың 3-еуі де өзін-өзі ұсыну жолымен кандидат ретінде тіркелген. Барлығы да – мемлекеттік қызметшілер.
Ақтөбе ауылдық округіндегі 880 сайлаушы №107 сайлау учаскесінде таңдау жасай алады.
Облыстық сайлау комиссиясының хабаралуынша, сәуір айында Қызылорда өңірінің 3 ауданында 4 ауылдық округ әкімі сайланады.