ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Тасарық ауылындағы мектептің бу қазандығы жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін таңғы 6:00 шамасында ауылдағы №238 мектептің бу қазандығында болды. Апаттық жағдайдан ешкім зардап шекпеген.
«Оқиға орнына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен орынбасарлары, аудандық білім бөлімі мен төтенше жағдайлар бөлімінің басшылары арнайы келді. Жағдайды қатаң бақылауға алды. Қазіргі таңда апаттық жағдай орын алған жерде арнайы құрылған жұмысшы топ зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Апаттың шығу себептерін анықтауда. Оқушылардың үздіксіз білім алуы үшін мектептің бу қазандығы тез арада қалыпқа келтіріледі», - деді Қазалы ауданы әкімдігінен.
Иллюстрациялық фото
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.