деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның 14 мың 977-сі заңды, 99 мың 423-і жеке тұлғаларға тиесілі.
Өткен жылы осы автомотокөлік құралдарының техникалық байқаудан өткізілгені 73 мың 135-ке тең. Көлік құралдарына мемлекеттік техникалық байқау өткізу барысында іздеуде жүрген - 1, агрегат нөмірлерінің құжаттармен сәйкес келмейтін - 110, қозғалтқыш нөмірін қолдан ұрған - 9 дерек анықталып, ол тиісті қызметтерге жолданды. Осы аралықта сондай-ақ 17 мың 646 адамға жүргізуші куәлігі берілген.