Қызылорда облысындағы орташа айлық табыс -106 648 теңгеден айналып отыр

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Сыр бойы тұрғындарының қазіргі таңдағы орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 106 648 теңгеден айналды.

Бұл - республикалық деңгейден 3 мың теңгеге төмен.

Мамандардың айтуынша, оның объективті себептері де бар. Соның негізгісі үй шаруашылығындағы адам санына тікелей қатысты. Еліміздің кейбір өңірлерінде әрбір отбасындағы мүшелер 2-3 адамнан аспайды. Ал оңтүстік аймақтарда ол 5-6 адамға жетеді.

Облыс экономикасына салынған инвестиция көлемі ұлғайып келеді. Оған үстіміздегі жылы құрылысы басталған «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» халықаралық күре жолы елеулі әсер етті. Осындай себептермен негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 46,8 млрд. теңгені шамалады. Ол өткен жылғы үш айдан 44,1 пайызға артты.