Қызылорда облысындағы республикалық инвестициялық жобалар негізінде іске асатын асфальт-бетон зауытына 250 млн. теңге жұмсалып отыр

Фото: None
ЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысындағы республикалық инвестициялық жобалар негізінде іске асатын асфальт-бетон зауытына 250 млн. теңге қаржы жұмсалып отыр.

Асфальт-бетон зауытын «Автомобиль жолдары басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі іске қоспақшы. Бүгінде зауытты іске қосу, жөндеу жұмыстары аяқталып қал­ды. Мұнда әлемдік стандартқа сай соңғы үлгідегі қытайлық қондыр­ғылар қойылған. Бәрі бір орталықтан автоматты түрде компьютер арқы­лы басқарылады.

Бұл зауытта сағатына 180 тонна өнім шығарылады. Сондай-ақ мамандар жылына 50 мың тонна асфальт-бетон шығаруға дейін мүмкіншіліктердің бар екенін айтып отыр.

Зауыт бүгінгі таңда «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» күре жолының негізгі шикізатының бірін дайындайды. Зауыт жылжымалы-құрастырмалы болғандықтан, алдағы уақытта оны еліміздің кез келген аймағына көшіріп апаруға да болады.