«3 қазанда Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Шымкент – Самара тас жолының 1573/693 шақырымында автобус пен жеңіл көліктің соқтығысу салдарынан жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жол апаты салдарынан 5 адам көз жұмды, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.
Тиісті сот сараптамалары тағайындалды.
Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.
Фото: polisia.kz