Қызылорда облысындағы жол апатынан екі адам қаза тапты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының аумағындағы тас жолда орын алған жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«24 желтоқсан күні сағат 10:50 шамасында Самара-Шымкент тас жолының 1270-шақырымында (Арал ауданы) жол-көлік оқиғасы орын алды.

Алдын ала мәліметтер бойынша Lexus автокөлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам қаза тапты», - деп жазды ІІМ-нен.

Аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.