Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Берілген техникалық талаптарға сәйкес әзірленген Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған Агрокартасы төмендегі бөлімдермен қамтылды.
- Қызылорда облысының негізгі өніміне Қазақстандағы және шетелдегі ауылшаруашылық өнімдерінің нарықтарындағы сұранысты, ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойылатын негізгі талаптар;
- Ауыл шаруашылық өнімін өндірушілердің және мақсатты нарықтардағы олардың ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне шолу жасау, сыртқы нарықтарда тұрақты және жоғары сұранысқа ие өнім бойынша экспортқа даярлығын бағалау;
- АӨК субьектілерін біріктіру арқылы өндірісті ірілендіру, негізгі агроөндірістік қуатты орналастыруға қойылатын негізгі талаптарды талдай отырып, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және балық шаруашылығындағы оңтайлы технологияларды таңдау;
- Қызылорда облысында АӨК маңызды секторларына қажетті кооперациялық шикізат белдеулерімен ауылшаруашылық қайта өңдеу өндірісін және сервистік-дайындау орталықтарын құру жоспары;
- Қызылорда облысындағы АӨК субьектілерін нарықтық біріктіру және агрологистиканы ұйымдастыру жоспары;
- Қызылорда облысында АӨК мемлекеттік қолдаудың қажетті шараларының болжамды бюджеті, механизмі және жоспары;
- Қызылорда облысының АӨК субьектілерінің қаржыландыру мүмкіндігін алу механизмі, жоспары және Агрокартаны жүзеге асыруға қажетті инвестициялық қажеттіліктердің болжамы.
Әзірленген Агрокарта облыстың ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің қатысуымен «Қызылорда облыстық өңірлік кәсіпкерлер палатасында» талқыланып, қосымша ұсыныстармен толықтырылды.