Қызылорда облысының 700 мыңыншы тұрғыны дүниеге келді

ҚЫЗЫЛОРДА. 24 наурыз. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысының 700 мыңыншы тұрғыны дүниеге келгені белгілі болды. Ол Жаңақорған ауданы Әбдіғаппар ауылындағы мұғалімдер отбасында өмірге келді.

Ауыл тұрғыны 43 жастағы Элеонора Әуелбекова осымен алтыншы перзенттің анасы атанды. Нәрестеге Аян есімі берілді. Облыстық статис­тика басқармасының мәліметі бойынша, облыста биылғы жылдың алғашқы екі айында 1951 нәресте дүниеге келген.